«Миялы-Ақтөбе» тас жолының құрылысы басталды


Енді Миялы ауылының тұрғындары Ақтөбе қаласына дейін еш қиындықсыз тікелей тас жолмен қатынайды.

Қазіргі таңда Миялы ауылынан Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шұбаршы ауылына дейінгі асфальт жол салу жұмыстары басталды.Ұзындығы 18 шақырымды құрайтын тас жол 3 санатты болады. 2024 жылы көлік қозғалысы үшін ашылып, құрылысы 2025 жылы толық аяқталады деп күтіліп отыр. Бұл туралы Қызылқоға аудандық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы Кенжебек Камаледенов мәлім етті.

- Осы уақытқа дейін Миялы ауылының тұрғындары Ақтөбе қаласына бару үшін алдымен Ақтөбе облысының Ойыл ауданына барып, кейін сол жақтан қатынайтын еді. Бұл жолаушыларға қиындық келтіріп, тұрғындардан тас жол  салу мәселесі жиі көтеріліп жүрді. Енді осы мәселе оң шешімін тауып, құрылыс басталды.  Көршілес облысқа қатынау бірнеше сағаттап жүруді талап етсе, тас жол салынғаннан кейін бұл мәселе оңтайлы шешімін таппақ. Тапсырыс беруші – облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Мердігер мекеме – «Маңғыстау жол-құрылысы комбинаты» АҚ,-деді К.Камаледенов.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521