Бүгінгі саяси науқаннан мұнайшы, аудандық мәслихат депутаты Сәкен Шарапиденұлы те шет қалмады. Ел болашағы үшін маңызды сәтте белсенділік танытқан ол өзі тіркелген №133 сайлау учаскесіне арнайы келіп, дауыс берді,- деп хабарлайды «Нарын таңы» газеті.
– Бүгінгі сайлау – әрбір азаматтың ел алдындағы жауапкершілігін сезінетін сәт. Біз өз таңдауымыз арқылы тұрақты дамуға, әділ қоғамға жол ашамыз. Мен ауылымыздың алдағы уақытта жаңа серпінмен дамитынына сенемін. Жастарды қолдап, жұмыссыздықты азайту, инфрақұрылымды жетілдіру – бәрі бірлік пен сенімнің негізінде жүзеге асады,-деді халық қалаулысы бізге берген сұхбатында.
Сәкен Шарапиденнің бұл қадамы – еңбек адамдарының да елдік істерге немқұрайлы қарамайтынын дәлелдейтін жарқын мысал.
Айта кетейік, №133 сайлау учаскесінде 1414 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беретін 16 жас бар. Сондай-ақ, сайлаушылар қатарында 16 зейнеткер де бар.
Сағыныш ҚАЙЫР