Мұнайшылар - өте белсенді

Бұдан кейін біз аудан орталығынан он екі шақырым қашықтықтағы "Жайықмұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты С. Балғымбаеа атындағы кен орнына ат басын бұрдық. Біз келгенде №139 референдум учаскесінде дауыс берушілер қарасы көп екеніне көз жеткіздік.

"Жайықмұнайгаз" басқарма басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Әділбек Зайдуллиннің сөзіне қарағанда, дауыс беру барысы қарқынды өтіп жатқан көрінеді.

 Шынында да учаскелік референдум комиссиясының мүшелері дауыс беруші "қара алтын" өндірушілерді тіркеп үлгере алмай жатыр екен. Оның айтуынша, басқарма бойынша 458 мұнайшы және мердігер мекемелердің қызметкерлері тіркелген. Ал басқарманың әлеуметтік бөлім басшысы Дархан Гумаровтың сөзіне құлақ түрсек, басқармаға бес учаскелік референдум комиссиясы бекітіліп берілген. Осы бес учаске бойынша түске дейін 777 адам дауыс беріп үлгерген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT