Бүгін «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының мобильді қоғамдық қабылдау тобы Қамысқала ауылдық округіне қарасты Жасқайрат елді мекенінде болып, тұрғындармен кездесті.
Топ құрамында облыстық мәслихат депутаты, партияның Саяси кеңес мүшесі Әлібек Семғалиев, «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әліби Хайдаров, Қамысқала ауылдық округінің әкімі Рафиғат Тәжиденова, аудандық мәслихат депутаттары Әнес Сидеғалиев және Жасұлан Құлғалиев болды. Табиғат аясында өткізілген қабылдау шарасын Әліби Хайдаров ашып, облыс, аудан орталығынан келген топ өкілдерін таныстырды және қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсатына тоқталып түсіндірме беріп өтті.
Қабылдау барысында ең әуелі тұрғындар елді мекен үшін өзекті болған газ тарту, кітапхана және медициналық пункт ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу, Жасқайрат бастауыш мектебінің аумағына балалар ойын алаңын, елді мекеннен азық-түлік дүкенін салу және т.б бірқатар елдік мәселелерді көтерді. Көтерілген мәселелерге орай топ мүшелері тарапынан тиісті жауаптар берілді. Мобильді топ мүшесі, «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әліби Хайдаров барлық өтініштердің орындалғанша партияның жіті бақылауында болатындығын атап өтті.
Іс-сапар жайында толығырақ газетіміздің №17 (4074) санынан оқи аласыздар.