МОБИЛЬДІК АУДАРЫМДАР ЖӨНІНДЕ МАМАНДАР ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Х.Ерғалиев ауылындағы мәдениет үйінде жеке және заңды тұлғалар үшін жалпыға бірдей декларацияны тапсыру және мобильдік аударымдар жөнінде мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оған аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ә. Қонысов, маман Н. Кабдулов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Н. Хайруллаева, Халық банк АҚ басшысы А. Сахиповалар қатысты. Кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары басшылары қатысқан пікірталас жиын ашық форматта өтті. Кездесуде жоғарыда аталған бөлім басшылары мен мамандар кәсіпкерлік субъектілері үшін қажетті 250.00, 270.00 форма декларациясы мен мобильді аударымдар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді.
                                                                                                           

  Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT