Исатай аудандық прокуратурасында мобильдік топ құрылды.
Мақсаты - мемлекеттік органдардың тарапынан заңсыз тексерулерді болдырмау, оның жолын кесу және кәсіпкерлердің қызметіне негізсіз араласуына жол бермеу. Сондай-ақ, бұл топ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын бұзу фактілеріне жедел әрекет етумен де айналысады.
Осыған байланысты бизнес субъектілерінің қызметінде заңсыз тексеру және оның жұмысына негізсіз араласу фактілері орын алған жағдайда Исатай аудандық прокуратурасының сенім телефонына хабарласуларыңызға болады.
Байланыс телефондары: 8 (71231) 2-07-97, 8-701-150-46-56 (тәулік бойы).
Аудандық прокуратура