Мұратовтар отбасы: "Сайлау – әр азаматтың парызы”

Абай орта мектебінде орналасқан №134 сайлау учаскесінде зейнеткер, еңбек ардагері Халел Мұратов жұбайы Болған Қабдрашевамен бірге келіп, өз таңдауларын жасады,-деп хабарлайды "Нарын таңы" газеті.

Мұратовтар жанұясы сайлауға қатысуды азаматтық борыш деп санайды. Отбасымен дауыс беру – осы ұстанымның айғағы.

– Иә, ауыл тұрғыны болған соң, болашағымызға бейжай қарай алмаймыз. Бұл – елдің ертеңі үшін маңызды таңдау. Әділ өткен сайлаудан кейін, халықтың сеніміне ие болған азамат елді көркейтіп, дамуға бастайды деп сенемін,-деді Халел Мұратов.

Айта кетейік, №134 сайлау учаскесінде  1330 сайлаушы тіркелген. Олардың ішінде 12 мүгедектігі бар азамат бар, ал 3 адам үйден дауыс беру үшін өтініш білдірген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT