banner_damu

Мүгедектерді оңалту орталығы ашылды

Исатай аудандық «Жартылай күндізгі станционарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

Мекеменің негізгі міндеттері - психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған 3 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік оңалту қызметтерін көрсету.

Станционарлық үлгідегі ұйымдарға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жолдамалары бойынша мынадай құжаттардың көшірмелерін беру жолымен жүгінеді. Атап айтқанда:

1. Жазбаша өтініш немесе медицина ұйымның қолдау хаты;

2. Жеке куәлік;

3. Медициналық карта;

4. Мүгедектігі жайлы анықтама;

5. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме.

«Жартылай күндізгі станционарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Аққыстау ауылы, Мусағалиев көшесі, №5 (бұрынғы «Өркен» балабақшасы) мекен-жайында орналасқанын қаперге береміз.

Қуандық Сариев,

«Жартылай күндізгі станционарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

Сурет: ашық дереккөзден

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика