«Myń Bala» ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

2020 жылдың 24 ақпанынан бастап «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен талантты әрі қабілетті жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған Елбасының «Ел Үміті» бастамасы аясында еліміздің ауыл мектебі оқушылары арасында «Myń Bala» ұлттық олимпиадасы өткізілген болатын.

ea0a85c2-7516-4e9f-844f-42bc0c79e2f9

Білім додасы ауыл мектебінің 5-6 сыныбында оқитын 300 мыңнан астам оқушыны қамтыды. Аталған олимпиада жобасына аудан бойынша 11 оқушы қатысып, соның ішінде 5 оқушы «Myń Bala» ұлттық олимпиадасының жеңімпазы атанды. Атап айтсақ, Ж.Мырзағалиев орта мектебінің 6-сынып оқушылары Меруерт Шапағатқызы, Ізтілеу Тілепбергенұлы, Айкөркем Айдосқызы, Аружан Өтегенқызы және Аққыстау орта мектебінің 6-сынып оқушысы Аян Кенжебекұлы олимпиаданың қос кезеңін ойдағыдай аяқтап, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Білім ордаларымен қоса, ауданның мерейін тасытқан жеңімпаз оқушыларды аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Халидоллақызы қабылдады.

564c017c-c81f-4fa7-8442-b57fd4263fd6

- «Myń Bala» ұлттық олимиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, ауданымыздың мерейін тасытқан сіздерге өзімнің үлкен ризашылығымды білдіремін. Осы олимпиада да жеңімпаз атану арқылы өз білім деңгейлеріңізді көрсетумен қатар, болашақта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепте білім алуға жолдама алып отырсыздар. Сондай-ақ ұлттық олимпиадаға қатысқан әрбір оқушыға келекшекте біліктілігін, дағдыларын дамыту үшін мүмкін беретін «El Úmiti» өркендеу онлайн платформасында арнайы курс тізбегі қолжетімді болу мүмкіндігіде қарастырылған. Бұл сіздерге білімдеріңізді одан әрі жетілдіруге, болашақта үлкен маман иесі атанып еліміздің өркендеуіне атсалысар саналы азамат пен азаматша болуларыңызға үлкен септігін тигізері сөзсіз. Алдағы күндерде де білімнің талай биік белестерін бағындырып, ауданымыздың мерейін асырып жүре берулеріңізге тілектеспін, - деген аудан әкімі орынбасары Нұрғайша Халидоллақызы жеңімпаз оқушыларға «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының директоры Фархад Шаймұратұлының арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтарын тапсырды.

993642de-f00d-4d31-845b-48e563ddb5fb

Айта кетейік, белгіленген шарты бойынша білім додасы екі кезеңнен тұрды: сырттай және тікелей. І кезең – сырттай, 24 ақпан-10 наурыз аралығын қамтыса, ІІ кезең – тікелей, 6-7 тамыз аралығында өтті. Алғашқы кезеңде қатысушылар биылғы оқу жылының І және ІІ тоқсандарындағы математика, жаратылыстану, информатика, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндері үлгерімінің нәтижесі бойынша іріктелді. І кезеңнің қорытындысымен ұпайлары ең жоғары болған 5000 оқушы ІІ кезеңге жолдама алды. ІІ кезеңде компьютерлік тестілеу нәтижесі бойынша 1000 оқушы іріктелді. Тестілеу еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ғимараттарында ұйымдастырылды.

8f9bc4bf-6a10-4d35-a8e2-847527bd49f5

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521