"Ән-Атыраудан" олжалы оралды

Атырау облыстық «Ән-Атырау» атты байқауы өткізілді. Конкурсқа қала және аудандар бойынша 18-45 жас аралығындағы 12 әнші қатысты.  

Байқауға қала және Қызылқоға, Индер, Исатай, Құрманғазы, Жылыой, Мақат ауданынан өнерпаздар белсене қатысты. Жеке орындаушылар мен қатар дуэт, трио, квартет жанды дауыста өнерлерін көрсетті. Қатысушылар бірінші кезеңде жергілікті сазгерлердің бір әнін, екінші кезеңде еркін тақырыпта бір ән орындады. Байқаудың басты мақсаты- жергілікті сазгерлердің есімін шығармашылығын көпшілікке таныту болып табылады.
Осы ән байқауға Исатай аудан намысын қорғап, өзінің талаттымен көптің көзайымына айналған «Жалын» мәдениет үйінің әншісі Ә.Жұмашев қатысты. Ол аталмыш байқауда жергілікті ақын, журналист Ж.Дәулетиярдың сөзіне жазылған, сазгер  Е.Блэловтың  «Атырау-ару қалам» әнін орындап, елдің ықыласына бөленген өнерпазымыз 3-орын еншіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521