Нұргүл – «Үздік дәрігер»

«Біздің сүйікті дәрігер» тақырыбында «Атырау» телеарнасы және облыстық денсаулық басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен өткен кезекті байқау қорытындыланды.

Бұл байқауға 7 аудандық емхана мен 7 қалалық ауруханадан білікті дәрігерлер қатысты. Аталған сайыстың жеңімпазы бен жүлдегерлері тұрғындардың дауыс беруі арқылы анықталған болатын. Нәтижесінде аудандық орталық аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігері Нұргүл Қабулова «Үздік дәрігер» атанып, аудан ақ халаттыларының абыройын асырды.

-Елбасы Жолдауында медицина саласына көптеген басымдылықтар беріп, дәрігерлердің мәртебесін көтеру жайында айтқан болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда облыс көлеміндегі дәрігерлердің біліктілігін, олардың жұмысқа деген белсенділігін арттыру, мамандардың күн тәртібіндегі қызметіне серпін беру үшін осындай шара ұйымдастырылды, - дейді «Қазақстан» РТРК АОФ редакторы Айнагүл Қалыбаева.

Екі аптаға созылған байқау нәтижесі бойынша қатысушылар телеарна және демеушілер атынан дипломдар мен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Әйгерім ҚҰБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз