Бүгін Исатай аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының алғашқы сессиясы өтті. Бірінші ұйымдастыру сессиясында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Қабыл Ғұбашев сайлау қорытындысын жария етіп, депутаттарға куәліктерін табыс етті. Жиынға қатысқан аудан әкімі Полымбет Хасанов сөз сөйлеп, депутаттарды құттықтап, оларға игі тілегін білдірді. Сессия барысында депутаттық корпустың шешімімен Нұрым Мусин аудандық мәслихаттың төрағасы болып бірауыздан сайланды. Сонымен қатар тұрақты комиссиялардың мүшелері мен оның төрағалары да белгілі болды.
Нұрым Бекежанұлы өзіне сенім білдіріп, қолдаған депутаттарға алғысын жеткізіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін еңбек ететінін жеткізді.
Мусин Нұрым Бекежанұлы 1980 жылы 11желтоқсанда Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Аққыстау селосында дүниеге келген.
1998 жылы Аққыстау орта мектебін тәмамдап, 1998-2002 жылдары Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік Университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2002 жылы «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның Исатай аудандық филиалында ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етуші маман болып бастаған. 2003-2004 жылдары Орал қаласындағы №5517 әскери бөлімшесінде, әскери борышын өтеген.
2004 жылдың тамыз-желтоқсан айларында Аққыстау селолық округінде маман, жетекші маман;
2004-2006 жылдары Исатай аудандық қазынашылық басқармасында жетекші маман, бас маман-қазынашы;
2006-2009 жылдары Исатай аудандық құрылыс бөлімінде бас маман-есепші;
2009-2011 жылдары Исатай ауданы әкімінің көмекшісі;
2011-2015 жылдары Исатай ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2015-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалында, кеңесші;
2016-2018 жылдары – «Атамекен» ҰКП Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Исатай аудандық филиалында менеджер-кеңесші;
2018-2022 жылдары «Атамекен» ҰКП Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Исатай аудандық филиалының директоры қызметін атқарған.
2022 жылдың қыркүйек айынан бері «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының атқарушы хатшысы қызметінде.
2023 жылдың 30 наурызынан бастап Исатай аудандық мәслихатының төрағасы.
Жанұялы, 2 қызы, 2 ұлы бар.
2008 жылдан бері «AMANAT» партиясының мүшесі.
Аудандық мәслихаттың VI-VII-шақырылымдарының депутаты болды.