Нұрзила – ел біріншілігінің күміс жүлдегері

Сәуір айының 21-23 күндері аралығында Тараз қаласында самбо күресінен 2005-2006 жылы туылған  жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 450-ге жуық жас палуандар бақтарын сынады. Әлем және Азия чемпионаттарына іріктеу болып табылатын ел біріншілігінде облыс құрамасы сапында «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірті бақ сынап нәтижесінде қыздар арасында Нұрзила Қадыр +80 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, шаршы алаңдағы алғашқы кездесуінде Тараз қаласының палуанын айқын басымдылықпен жеңсе, екінші кездесуінде Астана қаласынан келген палуан қызды таза ұтып ақтық сынға жолдама алды. Алтын жүлде сарапқа салынған финалдық кездесуде Қызылорда облысынан келген қарсыласынан ескерту ұпайымен есе жіберіп, Қадыр Нұрзила (Исатай о/ м) ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

– Нұрзила  қашан да артқан сенімімді ақтаумен келеді. Тартысты өткен додада кіл жүйріктер жарысты. Бап пен бақ қатар шауып, күміс  жүлдеге ие болдық. Бұйыртып жатса, әлі талай додаларда оза шабатын боламыз, - дейді Тұрар Ризуанов.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521