Нұрзила әлем біріншілігіне жолдама алды

Наурыз айының 17-18 күндері аралығында Ақтау қаласында Белбеу күресінен 2006-2008 жылы туған үлкен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

 

Аталған жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 300-ге жуық жас палуандар бақтарын сынады. Облыс құрама сапында «Барыс» балалар- жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірті бақ сынап нәтижесінде: қыздар арасында Нұрзила Қадыр +70кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, шаршы алаңдағы алғашқы кездесуінде Түркістан облысының палуанын айқын басымдылықпен жеңсе, екінші кездесуінде Қызылорда облысынан келген палуан қызды таза ұтып ақтық айқасқа жолдама алды. Алтын жүлде сарапқа салынған ақтық сында Шымкенттік қарсыласына ұпай санымен есе жберіп,  Нұрзила Қадыр (Исатай о/м) ел чемпионатының күміс жүлдегері атанып, белбеу күресінен әлем біріншілігіне жолдама алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521