Наиб имам бас имам болды

Исатай аудандық «Зинеден Құрасұлы» мешітіне осыған дейін мешіттің наиб имамы болып қызмет атқарған Шалқар Дәулетханұлы бас имам болып тағайындалды.

Жаңа имамды жергілікті жамағатқа облыстық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Ғазизов таныстырды. «Мешіттер - құлшылық үйі, сонымен бірге тәрбие құралы. Асыл дінімізді, ділімізді, дәстүрімізді насихаттауда мешіттердің рөлі зор» деген облыстық мешіттен келген ұстаз дін қызметкері Шалқар Дәулетханұлының тәжірибелі маман екендігін атай келе, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

basimammm

Шалқар Дәулетханұлы Түркістан облысы, Созақ ауданында 1993 жылы дүниеге келген.

2012-2016 жылдары «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Шымкент медресесі» оқу орнында оқыған. 2016 жылдан бастап Атырау облысы Миялы аудандық мешітінде наиб имам болып қызмет атқарған. 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Исатай аудандық мешітінде наиб имам және Қамысқала мешітінде имам болып жасаған. Отбасылы.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521