Нақты экономикаға инвестиция - ел дамуына серпін

 

Президенттің биылғы Жолдауында айтылған маңызды мәселелердің бірі – екінші деңгейлі банктердің нақты секторға белсенді түрде қаржы салу қажеттігі. Бұл – бүгінгі таңда қоғамда кеңінен талқыланып жүрген өзекті тақырыптардың бірі. Себебі еліміздің тұрақты экономикалық дамуы қаржы институттарының өндіріс пен кәсіпкерлікке қаншалықты қолдау көрсетуіне тікелей байланысты.

Банктердің қаражаты нақты секторға бағытталғанда, жаңа кәсіпорындар мен өндіріс ошақтары ашылып, жұмыс орындары көбейеді. Бұл, өз кезегінде, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, жалпы ішкі өнім көлемінің артуына ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл шара экономиканы әртараптандыру жолындағы нақты қадам болмақ.

Сондықтан Президент атап өткендей, бұл бастаманы кейінге қалдырмай, шұғыл түрде іске асыру қажет. Банктердің инвестициялық белсенділігі артып, нақты жобаларды қаржыландыруы – ел болашағы үшін маңызды шешімдердің бірі.

 

Айгүл АДИЛОВА

Зинеден ауылының әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT