НАРЫН АУЫЛЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2022 жылдың 16 қазан күні Нарын ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Ауыл халқының көпшілік дауысының нәтижесінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 19 қазандағы №14 Қаулысымен, аудан әкімінің 2022 жылғы 19 қазандағы №217 Өкімімен Абуов Асқар Төлегенұлын Нарын ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.

Абуов Аскар Төлегенұлы 1976 жылы 6 сәуірде Атырау облысы, Махамбет ауданы, Забурын селолық советінде дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
1994 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Тарих» факультетіне оқуға түсіп, 1998 жылы бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Қызыл үй орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастап, 2001 жылдан 2009 жылға дейін Нарын орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған.
2009 жылдан күні бүгінге дейін аталған мектептің директоры лауазымында болған.
Отбасылы.

Ауыл тұрғындарына жаңа әкімді таныстырған аудан әкімі П.Хасанов, жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тілей отырып, ауыл тазалығын үнемі қадағалау, тұрғындардың өтініш-тілектерін заң аясында шешілуін қамтамасыз етуге және ауылда жүзеге асатын жобалардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын бақылауға алуды тапсырды.

Бұған дейін Нарын ауылын 8 жылға жуық басқарған Р.Такеновке аудан әкімі және ауыл тұрғындары атқарған абыройлы қызметі үшін алғыс білдіріп, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары жаңа әкімнің жұмысына табыс тілеп, ауылды көркейту үшін аянбай еңбек етуге шақырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521