Нарын ауылында мейрамға орай ұлттық спорт ұлықталды

Нарын ауылдық округінің орталық алаңында 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Наурыз - жыл басы, көктем мерекесі» атты мерекелік шара ұйымдастырылды деп хабарлайды Нарын ауылдық округі.

 

Алаңда киіз үй тігіліп, наурыз көжелер мен бауырсақ тарту етіліп, шашу шашылып, ән шашулар, салт-дәстүрге

байланысты көріністер қойылып, ұлттық көрме, ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Ауыл әкімі Абуов Асқар Төлегенұлы барша ауылтұрғындарын мерекемен құттықтап, алғысын білдірді, мерекелі күнде 70 жасқа толған зейнеткерлер Құбаев Мұратқали Меңдіғалиұлына, Қоесова Сабилаға, 60 жасқа толған Пазылова Светлана Идиятқызына құттықтау хат табыстады. Округке қарасты мекемелердің ұйымдастыруымен Жаңа Жанбай бастауыш мектебі - «Көрісу» рәсімін, «Нарын балабақша» ұжымы - «Бесікке салу» рәсімін, «Нарын» бекеті - ұжымы «Тұсау кесер» рәсімін, Емхана ұжымы «Сүндет той» рәсімін, Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп ұжымы - «Байғазы» рәсімін, Асыл әжелер - «Сүйінші» рәсімдерімен ән шырқап, көріністер қойылып, мерекенің сәнін келтірді. Сонымен қатар ұлттық спорттық ойындарға қатысқан ауыл жастары арасынан Бас жүлде, Қой көтеру – Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Бекенов Мейіржан Асылбекұлына бұйырды,

1) Қол күрестен - 1 орын - Таңатаров Жайдарбек, 2-орын Бөкенов Эльдар, 3-орын — Ищанов Алпысбай.

2) Арқан тартыс орын 2000 дар командасы, II орын - Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп, 11 сынып - ІІІ орындар алып, сый-сиапат табысталып, дипломдармен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521