«Нарын таңына» жаңа басшы тағайындалды

Бүгін Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің бас редакторы тағайындалды.

Жаңа басшыны «Атырау-Ақпарат» медиа-холдингінің директоры Ысқақ Егембердиев келіп таныстырды.

Газеттің бас редакторы болып бұған дейін де аудандық басылымда басшылық қызметте болған Нұрболат Нұғманов тағайындалды.

«Атырау-Aқпарат» медиа-холдингінің директоры Ысқақ Егембердиев жаңа басшының қызметіне сәттілік, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.

Айта кетейік, Нұрболат Нұғманов бұған дейін Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің тілшісі, Қызылқоға аудандық «Қызылқоға» газеті бас редакторының орынбасары-жауапты хатшы, Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің бас редакторы, «Атырау-Ақпарат» медиа-холдингінде талдау және стратегиялық даму бөлімінің маманы қызметтерін атқарды. Отбасылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521