Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды.
Бүгін «Нарын таңы» газетінің бұрынғы бас редакторы Мұратов Аслан Мұратұлы аудан әкімі Полымбет Хасановтың өкіміммен жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
А.Мұратов 1984 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін саясаттану мамандығы бойынша тамамдаған.
2008-2009 жылдары БҚО Теректі аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман, 2009-2010 жылдары БҚО Теректі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары, 2010-2012 жылдары «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» газетінің бас редакторы, 2012-2015 жылдары денсаулық сақтау саласында мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, 2015-2016 жылдары БҚО Теректі ауданы әкімі аппаратының бас маманы, кейін аудан әкімінің көмекшісі лауазымдарын атқарған.
2018 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін «Нарын таңы» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарды.