Нарындағы мектеп Фаризаның атына беріле ме?

Биыл - Манаштан қанат қаққан жыр қарлығашы, кейіннен бүкіл қазақ «Поэзия Падишасы» деп қадір тұтқан Фариза апаның туғанына 80 жыл.

Ақиық ақын ортамызда болғанда, осы сәтте өзіне деген ел ықыласының ерекшелігін де тағы бір рет терең сезінер еді-ау. Сол елдің қатарында оның жерлесері де ақынға деген құрметтен аянып қалмас еді.

Мерейлі 80 жылдығы қарсаңында жерлестері ақын есімін өзі туған топырақтағы Нарын орта мектебіне берілсе деген тілекте.

Солардың кейбірінің пікірін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Жайнар Қалиева, Нарын орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі:

Фариза Оңғарсынованың елге еткен осындай еңбектері мен шырайлы шығармашылығын ескере отырып, ақын дүниеге келген жерде 1994 жылы іргесі қаланған жалпы білім беретін Нарын орта мектебін «Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектеп» атауына өзгертуге осы мектептің жиырма екінші түлегі және қазіргі уақытта аталған білім ұясында еңбек ететін ұстаздардың бірі ретінде ұсынар едім. Мектебіміздің жергілікті ақын атымен аталуы - біздер үшін үлкен мақтаныш.

Қапсих Хайыров, зейнеткер ұстаз:

Фариза біздің заманның, адамзаттың биік үлгідегі ақыны болып қалды. Қазақтың өр мінезді, асқақ рухты ақын қызының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Аталмыш білім ордасына оның есімін берсек туған жердің тылсым табиғаты нәресте бойына ақындық өнерді дарытып, аялы алақанына салып мәпелегені шырайлы шындық екендігін тағы бір дәлелдегеніміз әрі жерлесімізге деген зор құрметіміз емес пе?!

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT