Нарындықтар Асылымның еміне ауыл әкімінен көмек сұрады

Нарын ауылының әкімі Рухолла Тәкенов былтырғы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

Соңғы қаулыға сәйкес жиын онлайн түрде өтті. Аудан әкімі Марат Мурзиев қатысқан есептік жиында Рухолла Тәкенов баяндама жасап, желі қолданушылар қойған сұрақтарға жауап берді.

Нарындық Шангереева Рысгүл өзінің көпбалалы ана екендігін айтып, "Бизнес бастау" жобасы арқылы оқып, кәсіпкерлік мақсатта несие алу бағытын білгісі келді.

Сұрақ қоюшы азаматшаның тұрақты қызметте екенін ескерген ауыл әкімі аталған жоба бойынша оның жұмыссыздар есебінде тіркеулі тұрған жұбайының оқи алатынын ескертіп, аудандық кәсіпкерлер палатасына жолығуға кеңес берді.

Тағы бір желі қолданушы Асылым Оразханқызы атты бүлдіршіннің отасына қаржылай көмек көрсетуді сұрады. Оның айтуынша, ота Түркияда жасалады. Құны - 12 млн. теңге.

Рухолла Тәкенов бұл жағдаймен таныс екенін, мемлекет тарапынан көрсетілетін қандайда бір көмектер болса анықтап, квота мәселесін аудандық ауруханамен бірлесіп саралайтынын жеткізді.

 

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Сурет сайт архивінен алынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521