Нарынға балабақша қажет

Еліміздің билеуші партиясының кезектен тыс ХХІІ сьезінде Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын қайта құруды тапсырып, қоғамдық қабылдау бөлмелері тек шағымдармен ғана емес, елді дамыту бойынша нақты идеялармен келетін азаматтар үшін өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салатын орынға айналуы тиіс екенін және «Азаматтарды көшпелі қабылдауды жиі өткізіп, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесу керек», - деп атап өткен болатын.

Осыған орай жаңа аптаның алғашқы күні «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мобильді қоғамдық қабылдау тобының кезекті жұмыс сапары Нарын ауылдық округінде жалғасын тапты. Арнайы құрылған топ құрамында «AMANAT» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Азамат Біржанов, «AMANAT» партиясы Атырау облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Арман Азаматов, Атырау облыстық мәслихатының депутаттары Абдолла Идресов, Әсел Жолмұханова, Атырау облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Жеңіс Абілқарес, Ақтөбе облысы Заңгер консультанттар палатасының Атырау қаласындағы филиалы басшысының орынбасары Зәмзагүл Күзденғалиева, ҚР Заңгерлер одағының Атырау облыстық филиалының төрағасы Нұрасыл Мүбарак, «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Ақтолқын Ахметжанова, «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әліби Хайдаров, Исатай аудандық мәслихат депутаты Сәкен Шарапиден болды.

279000958_148906394317798_4794979708482144561_n

«AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Азамат Біржановтың айтуынша, көшпелі мобильді топтардың мақсаты – жергілікті жерлердегі халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, олардың өтініштерін қабылдау

«Біз еліміздің барлық аймағын қамтуды жоспарлап отырмыз, әсіресе, партияның облыстық филиалына келуге мүмкіндігі бола бермейтін шалғай ауылдарға ерекше назар аударамыз. Мұндай сапарлар тұрғындардың өтініштеріне ден қою үшін ғана емес, сонымен қатар ауылдық жерлердегі жылдарға созылып келе жатқан проблемалардың шешімін табуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ол.

Мәселен, ауыл тұрғыны Рысгүл Қарайғойшиева ауылдағы 25 орындық бөбекбай-бақшаның ауыл бүлдіршіндері үшін тарлық ететін тілге тиек етіп, «жаңа бөбекжай-бақшаның салынуына партиялықтар ықпал етсе» деген тілегін жеткізді. Ауыл әкімі Рухолла Такеновтен айтуынша, 80 орындық бөбекжай-бақшаның жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өту үстінде. Ауыл тұрғыны осы жұмыстардың аяқ-алысының бәсең екенін атап өтті.

d7b5e046-fc24-4ee3-966b-a50462246294

Ал, Маралбек Хасанов Нарын және Жаңа Жанбай аралығына көше жарығын жүргізу мәселесін көтерді. Оның айтуынша, көше жарығының болмауы мектеп оқушылары үшін қиындық туғызады. Себебі, балалар Жаңа Жанбай елді мекенінен Нарын ауылына мектепке қатынайды. Оның үстіне қысты күндері түн ерте түсетіндіктен, кешкі уақыттарда балалар тіптен қиын. 

e3d1e5f8-61b7-42e3-bdfe-19f1a0ae56ae

Қабылдауда бұдан өзге Жаңа Жанбай елді мекеніндегі Арай және Мұнайшы көшелеріне автокөлік жолын салу, құм тоқтату жұмыстары және Нарында мәдениет үйі, спорт кешені, саябақ және балалар ойын алаңын салу, интернет, тұрғын үй кезегі секілді бірқатар мәселелер көтерілді. Аталған мәселелер партияның мәселелер реестріне енгізілді. 

b0c89109-dc23-4f07-851e-7a0c073f4f35

Партиялықтардың кезекті сапары Нарын бөбекжай-бақшасын аралаумен қорытындыланды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT