Нарынға жаңа мәдениет үйі салына ма?

Нарын ауылдық округінде тозығы жетіп, қайта қалпына келтіруді немесе құрылыс жұмыстарын жүргізуді қажет ететін нысанның бірі - ауылдық клуб үйі.

Кезінде теміржолшылардың моншасы болған, кейін қайта жөнделіп, клубқа айналған ғимарат тым ескі. Талапқа да сай емес. Сондықтан 300 орындық мәдениет үйін салу мәселесі - көптен бері көтеріліп жүрген басы ашық әңгіме. Осы мәселені облыс әкімінің алдына тартқан аудан басшысы қолдау білдіруді сұрады.

Жобалық құны 1 млрд-тан астам қаржыны талап ететін жоба шешілсе ауылдың сәні кіріп, мәдениеті өрлеп, бір бүйірде жатқан ауылдың сәні кіріп-ақ қалар еді. Уәде бермесе де қаржы тарттырудың мәселелерін зерделеп көруді ұсынған облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетов былтырдан бері төселіп жатқан ауылішілік жолдардың құрылысымен танысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз