Нарынға жастар жиылды

Исатай аудандық жастар ресурстық орталығы Нарын ауылында "Жастарға кеңес" жобасын ұйымдастырды.

Жоба аясындағы шараларға жұмыспен қамту орталығы, орталық аурухана, аудандық білім бөлімі мамандары мен белсенді жастар қатысты.

j

j

Жоба аясында жұмыспен қамту орталығы, аурухана, аудандық білім бөлімінің мамандары жəне "Instagram" желісі бойынша "AQQYSTAUOIL" парақшасының әкімгері Ілес Жауынбай жастардың көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап берді. Сонымен қоса жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында үстел теннисінен жарыс өтті. Бұл жарысқа ауылдық округтерден Аққыстау, Х.Ерғалиев, Жанбай, Забурын, Нарын командалары қатысты. Команда құрамы 2 ұл, 2 қыздан тұрды. Өте тартысты өткен ойын қорытындысында аққыстаулықтар 1 орынды иеленсе, Исатай екінші, Х.Ерғалиев үшінші орындарды еншіледі. «Үздік ойыншы» атағын Арбол Əміржанов, «Үздік жас ойыншы» атағын Равиль Рамазанов иеленді.

j

j

Тігіншілік курсты «Аналар үндестігі» қоғамдық қорының төрайымы Гүлсім Биташева өткізген болатын. 10-15 қыз-келіншек шеберлік сыныбына қатысқан дәрісте тігін тігу əдісін үйренді. Нарын ауылдық округінің əкімі Рухолла Такенов жəне аудандық жастар ресурустық орталығының басшысы Ринат Набидоллаұлы ауыл жастарымен емен-жарқын әңгімелесті. Олардың көкейіндегі сауалдарға жауап берді.

Ауылдың жанашыр азаматы, еліміздің патриоты болу – әр жастың азаматтық, адамдық міндеті деп түйінделген кездесу жастарға ерекше әсер қалдырды.

Айкөркем НҰРҒАЛИҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521