Нарынның жолы түзелді

Бүгін Исатай ауданына қарасты Нарын ауылдық округі әкімінің есептік жиыны өтті.

Жыл бойына жасалған жұмыстар жөнінде баяндаған ауылдық округ әкімі Рухолла Тәкенов ауыл игілігі үшін атқарылған қызметтерге де тоқталды. Былтыр Нарын үшін де табысты жыл болды. Көптен жыр болған ауылішілік жол салынып, кірмежол да жартылай бітіп тұр. Көше шамдары да қосылып, ауыл іші жарықтана түскен. Дегенмен, ел бар жерде атқарылуы тиіс жұмыстардың да еселене түсетіні белгілі. Ауыл әкімінің баяндамасынан кейін сауалдарын жолдаған тұрғындардың ұсыныс-пікірлері бұрыннан шешімін таба алмай келе жатқан түйткілдер болды. Ауыл ақсақалы Ізбасар Қуанышев Нарынға пойыз тоқтаса, тұрғындардың облыс орталығына қатынауына тиімдірек болар еді деген пікірін айтты. Ал, ауыл тұрғыны Сағынғали Қапизов пошта қызметкерінің жоқтығынан ауыл тұрғындары аудан орталығына қатынауға мәжбүр екендіктерін жеткізді. Ауыл әкімі аталған мәселелер заң шеңберінде реттелетінін атап, аталған түйткілдерді шешу алдағы жұмыс жоспарында бар екендігін білдірді.

n654

Аудан басшысы Марат Мурзиев көтерілген мәселелердің орындылығын атай келе, өткен жылы жоспарға сай бірқатар жұмыстар атқарылғанын, алда да бірлескен түрде жалғасын табатындығын айтып өтті.

nisan-aralau

Жиын қорытындысында тұрғындар ауыл әкімінің жұмысына оң баға беріп тарқасты. Жиыннан соң аудан әкімі Марат Мурзиев ауылдағы әлеуметтік нысандарды аралап, жұмыстарымен танысты.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT