Нарыны еске алды Наркескенін

0 votes

Аққыстауда "Нарынның Наркескені" атанған семсер тілді ақын Нұралы Әжіғалиевтің 85 жылдық мерейтойына арналған "Өр мінезді өлең дейтін құдірет" атты мәдени көпшілік шара өтті.

Кешті сөз сөйлеп ашқан аудан әкімі Нұрым Мусин жиылған жырсүйер көпшілікті құттықтап, шараға арнайы келген қонақтарға жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, ақын отбасына құрмет көрсетіп, тілек хат пен естелік сыйлық табыстады. Ақынның көз көрген ел ағалары естеліктерімен бөлісіп, жүрекжарды тілектерін арнады. 

Шарада "Тағдырым осы таңдаған" атты таңдамалы өлеңдер топтамасы кітабының тұсаукесер рәсімі болды. Мерекелік шарада өнерпаздар ақын жырларын жатқа оқудан сынға түсіп, ақындар жыр мүшәйрасында бақ сынады.

 

Аяпберген Салихов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521