Наурыз мейрамына орай волейболдан ашық турнир өтті

Тұщықұдық ауылы, Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай ауылдық округ әкімшілігінің ұйымдастыруымен волейболдан ашық біріншілік өтті.

 

Турнирдің ашылу салтанатында округ әкімі А.Бекішұлы, Исатай аудандық балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Б.Оралбеков және спорт ардегері Б.Қайраханов сөз сөйлеп, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Жарысқа Тұщықұдық ауылы тұрғындары арасында Әуежай, Күнбатыс, Жаңа ауыл, Наурыз, Барлаушы, Жағажай ауылы, Тұғыр, Наурыз жастары, Жаңа ауыл жастары атты барлығы 9 команда бақ сынасты.

 

Жарыс жеңімпаздары

 

1 - орын “Наурыз жастары" III -орын "Әуежай" командалары.

 

II – орын “Жаңа ауыл жастары"

 

Жүлдегерлер 22 наурыз күні Н.Үлкенбаев атындағы мәдениет үйі алдында өтетін мерекелік шарада медаль және алғыс хаттарымен марапатталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521