ҮНЕМДЕЙ БІЛІП ҮЙРЕНСЕК

 

Баяғы ата-бабадан аманат болып қалған қазақ жері содан бері халқымызды асырап-сақтап келе жатқаны даусыз. Оның қойнауындағы ен байлық елдігіміздің тіреуі саналды. Алайда оны орнымен пайдаланып, шашпашылдыққа салынбасақ қана берекелі болмағы анық.

Бірақ, біз осы ысырапшылдық, шашпашылдық дегеннен әлі арыла алмай-ақ келеміз. Ал табиғаттың тартуы десек болар қазына-байлығымыз таусылмайтын шетсіз-шексіз дүние емес. Ендеше ел болып ескерер жайт осы.

Күні кешегі Жолдауында Ел Президенті Қ.Тоқаев бұл мәселені жетесі барға жеткізе айтқанына куәміз. «...Табиғи ресурстарды, әсіресе, суды үнемдеу мәдениетіне келсек, ол жағынан үлкен кемшілік бар екенін мойындауымыз қажет. Яғни атқарылатын жұмыс шашетектен» деді ол. 

Әрине, суды үнемдеу туралы айтқанда бұл төңіректе қозғалар жайт аз емесін түсінеміз. Ең бастысы – үнемдей білуге үйрену, яғн дағдылану болып отыр. Қарапайым үйішілік тірлікте келіп тұрған таза суды дұрыс пайдаланбаймыз ғой. Әлі күнге оның шүмегін ашып, сарылдатып қойып жуыну салдары бір кісі емес он кісі пайдаланатын суды текке рәсуа етерін ойламаймыз. Үлкеніміз кішімізге айтпаймыз, талап етпейміз, түсіндірмейміз. Үнемдей білуге үйренгіміз келсе, алдымен ескерер жайт осы дер едім. Оған бақшадағы баладан бастап дағдыландыруды ұмытпайық.

 

Мұстажап АЯШҰЛЫ,
зейнеткер.
Жанбай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT