Өнербек – бас жүлдегер!

Соңғы кездері айтыс аламанының алаңына айналғандай көрінетін Атырауда тағы бір сөз сайысы мәреге жетті. Ол – «Мұнайы – алтын дария, әлемге аты жария» тақырыбында «Теңізшевройл» ЖШС-нің (ТШО) демеушілігімен, Қазақстан Жазушылар Одағы облыстық филиалының қолдауымен ТШО-ның 25 жылдығы құрметіне орайластырылған облыстық ақындар айтысы болатын.

Наурыздың соңғы күні Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда өткен бұл жыр додасында 14 ақын 7 жұп болып сөз сайыстырды. Жалпы ұлттық өнердің бренді саналатын ақындар айтысының аясын кеңейту, ел ішіндегі таланттардың, оның ішінде суырыпсалма ақындардың танылуына жол ашу, оларға қолдау көрсету мақсат етілген сында аталған кәсіпорынның ширек ғасырлық мерекесін, ұлттық экономикамыздың қозғаушы күші – мұнай өнеркәсібін, сала ардагерлері мен бүгінгі мұнайшының жемісті еңбегін, ТШО-ның кешегісі мен бүгінін, ертеңін жыр тілімен жеткізе кестелеген айтыскерлердің арасында төрт жерлесіміз барды. Олар - Серікбол Панабердиев, Нұрболат Нұғманов, Өнербек Дәулекенов, Амангелді Панабердиев еді.

Ой мен қиял ұшқырлығы, көркем теңеу мен астарлы сөздер ағытылған аламанда жерлестеріміздің мерейі үстегені – үлкен қуаныш. Сөйтіп, өзге он үш ақыннан озық көрінген Өнербек айтыстың бас жүлдесін иеленсе, салмақты сөздерімен суырылып шыққан Серікбол жүлделі екінші орынды олжалап оралды. Мерейлерің үстем, алар асуларың көп болсын, айтыскерлер дейміз оларға.

Жоламан Дәулетияр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521