Өнердің өрнегін өрген «Жалын»

 

Ауданымыздың мәдениеті мен өнерін сөз еткенде би өнерінің кең қанат жайып келе жатқаны көпті қуантады. 29 сәуір-Халықаралық би күніне орай аудандық «Жалын» мәдениет үйінде «Жалын» би тобының «Би - өнер өрнегі» атты  есеп беру кеші өтті.

 

Аталған би тобының  жетекшісі  Арайгүл Жансейітқызы  аз уақыт ішінде 80- астам шәкіртті тәрбиелеп, көпшіліктің жүрегінен орын алып, халықтың қошеметіне ие болды.

 

 

Би еркіндіктің белгісіндей болып, жанға ерекше қуаныш, көңілге сарқылмас шабыт сыйлайды.

 

 

Талғамы бөлек көзқарасты көрермен де би өнеріне шөлдеп, асыға келгені сонша кеште ине шаншыр орын болмағанынан белгілі.

 

 

Кеш шымылдығы әдемі көрініс әрі қазақ биімен ашылып, әрімен қарай сан түрлі ұлт өкілдерінің биімен жалғасын тапты.

 

 

Кіші топтың тәтті бүлдіршіндері мен тәжірибелі үлкен топ та өнер көрсеткен кеште әртүрлі жанрдағыы билер көрініс тапты.

 

 

«Жалын» би тобы күні бүгінге дейін түрлі байқауларда топжарып, аудан мерейін асқақтатып жүр.

 

 

Үнемі талай белестерді бағындырып жүрген би тобы әркез жаңашылдықтан қашпай, шыңдалып келеді.

 

 

Осындай жетістіктердің артында ұстаздың маңдай тері мен ерен еңбегі және ата-ананың сенімі мен қолдауы тұрғаны сөзсіз.

 

 

Көңілді кеш соңында аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ринат Есқали атаулы мерекемен  құттықтап, Арайгүл Жансейітқызына аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT