Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібіне жаңа серпін беру қажеттігін атап өтті. Соңғы жылдары бұл салада белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілгенімен, әлі де атқарылар жұмыс көп.
Өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру – экономиканы әртараптандырудың басты тетігі. Әсіресе, терең өңделген өнім шығару және жоғары технологиялық өндірістерді іске қосу еліміздің жаһандық нарықтағы орнын күшейтеді.
Сирек кездесетін металдар мен энергия ресурстарын тиімді пайдалану – Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік. Жаңа кәсіпорындардың ашылуы мыңдаған тұрақты жұмыс орнын құрып, халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді.
Бұл саладағы жобаларды дер кезінде іске асырып, инвесторларды тұрақты ресурстармен қамтамасыз ету маңызды. Демек, өңдеу өнеркәсібін дамыту – еліміздің тұрақты экономикалық өсімінің негізгі кепілі.
Нұрберген УТЕГЕНОВ
Исатай ауданы әкімінің орынбасары