"Өнерлі отбасы" номинациясын иеленген Бермағанбетовтер ансамблі

Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» атты отбасылық ансамбльдер арасындағы облыстық фестиваль болып өтті. 

Атыраудың әр түкпірінен осындай өнер ұжымдары бас қосқан фестивальға ауданның, қала берді облыстың өнерсүйер жұртшылығына жақсы танымал Нариман Үлкенбайұлы атындағы Тұщықұдық ауылдық мәдениет үйі жанындағы халықтық «Бермағанбетовтер» отбасылық ансамблі де қатысқан болатын. Осынау сында әкелі-балалы Рамазан мен Руслан Бермағанбетовтер Әсет Бейсеуовтің «Туған өлкем» әнін баянның қостауымен әуелетсе, Аршат Русланқызы өзінің шәкірттерімен «Қара жорға» биін биледі, ал Гәкку Русланқызы Сыпыра жырау термесін орындап, бала-келіні Алхам мен Нұрсәуле «Аққу-Арман» әнін шырқады.
Аталған өнер сайысының қорытындысында шынайы шеберліктерімен назарға іліккен өнер ұжымы «Өнерлі отбасы» номинациясымен марапатталды. Сонымен бірге осы сында олар «Халықтық» атағы қайта рәсімделгенін растайтын сертификат та иеленіп оралды.
- Сайысқа қатысушы өнерлі отбасылардың қай-қайсысы да халықтық атаққа лайықты екендіктерін дәлелдеп, үлкен дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Біз де солардың арасында талап тұрғысынан көріне білгенімізге ризамыз, - дейді отбасылық ансамбль жетекшісі Рамазан Бермағанбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT