Атырау қаласы әкімдігі, облыстық білім беру басқармасының қолдауымен «Жайық сазы» I республикалық балалар мен жастар шығармашылық байқауы өткен еді.
Оған Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің өнерлі оқушылары да қатысқан болатын.
Қорытындысында домбырадан А.Қуанышкерей (мұғалімі З.Насиханова), А.Алпысбай (мұғалімі Ж.Қалиева), Ж.Әлімғали (мұғалімі К.Ғашихова) – бірінші, А.Қаби – екінші, А.Жұмабекова (мұғалімі С.Қасанова), А.Ниғметуллин (мұғалімі А.Сұлтанова), Е.Идеятов (мұғалімі С.Бисембиева) үшінші орын алса, сырнайдан А.Өтеу, Б.Кенжебай (мұғалімі Н.Мұхтарова), А.Алпысбай (мұғалімі А.Молдағалиева) бірінші орынды еншіледі. Халық әнінен Т.Берқайырқызы (мұғалімі П.Сапаева) – екінші, вокалдан Д.Сыналбекова (мұғалімі Г.Рамазанова) үшінші орынды қанағат тұтты. «Балдәурен» вокал тобы – А.Ізғали, Д.Жалғасбайқызы, И.Нұрлыбек-қызы, Е.Файзуллина, Н.Байтменқызы, Е.Амангелдіқызы, Е.Мұстахим (жетекшісі – А.Жанарыстанова, сүйемелдеушісі – Э.Темірболатова) үшінші орынға ие болды.
Перизат САМИГУЛЛИНА,
Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі