Күні кеше Атырау қаласында өнерлі жастардың басын қосқан «Ән ажары» байқауы ұйымдастырылды. Оған ауданымыздың жас әншісі әрі әке жолын жалғаған перзент Нұрдәулет Сағидоллин қатысып, жүлделі оралды.
Әлемде кең танымалдылыққа ие болған әндерге жаңа леп беріп, жас әншілердің өзіндік стилін қалыптастыруды мақсат еткен өнер жарысында 16-35 жас аралығындағы 10 әнші бақ сынасты.
- Бұл жобаның негізі мақсаты – өнер жолына қадам басып, шығармашылығын шыңдап жүрген біз секілді жастарға қолдау көрсету деп білеміз. Фестивальға әр ауданнан жиналған 10 өнерпаз бақ сынасты. Қазылар алқасы қатысушылардың 2 туындыны орындауына ғана баға берумен шектелген жоқ. Әншілердің сахнада өзін-өзі ұстауы, үстіне киген киімі мен әннің өңделуін бәрін-бәрін назарға алды.Осылайша, өнер бәйгесінен атыраулық өнерпаз екеуміз жүлделі 3-орынды тең бөлісіп алдық, - дейді Нұрдәулет Ыбырайұлы бізбен болған әңгімесінде.
Сондай-ақ, жүлдегерлерге ақшалай сертификат табысталғанын айта кетейік.
Сағыныш Қайыр