Бүгін №139 сайлау учаскесінде Исатай ауданының әкімі Нұрым Мусин өз таңдауын жасап, дауыс берді,-деп хабарлайды “Нарын таңы” газеті.
Аудан басшысы бұл саяси науқанға әкім ретінде ғана емес, ең алдымен ауыл тұрғыны ретінде қатысқанын атап өтті.
– Сайлауға бейжай қарауға болмайды. Себебі әрбір дауыс – ауылымыздың ертеңі мен еліміздің келешегі үшін маңызды. Сондықтан барша жерлестерімді азаматтық ұстаным танытып, белсенді болуға шақырамын, -деді Нұрым Бекежанұлы.
№139 учаскеде таңертеңнен бастап тұрғындар жоғары белсенділік танытып жатыр. Бұл – ауыл халқының ортақ іске деген жауапкершілігін, ел болашағына деген алаңдаушылығы мен сенімін білдіреді.