«Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалы саяси кеңесінің бюро мәжілісі өтті

Бүгін Исатай ауданы әкімі Полымбет Хасановтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалы саяси кеңесінің бюро мәжілісі өтті.

Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалының ХХХVI есеп беру-сайлау конференциясын шақыру және сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аумақтық қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын бекіту туралы мәселелер қаралды. Аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалының төрағасы Полымбет Хасанов партия филиалдары сайланбалы органдарының (саяси кеңесінің, саяси кеңесі бюросының) және бастауыш партия ұйымдары бюроларының, төрағаларының, төраға орынбасарларының өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты, биыл есеп беру-сайлау науқанын өткізу қажет екендігін айтты.

«Елбасы: «Мәжілістегі партия Фракциясымен кездесуде біздің негізгі міндетіміз – барлық сайлауалды уәделерімізді орындау және сайлаушылардың сенімін ақтау» деп атап өтті. Осыған орай, партия Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүйелі мониторингті ұйымдастыру үшін республика бойынша 217 «Жол картасы» бекітілді және 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылып, партиялық кураторлық институты таратылды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында партияның қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымданды. Исатай ауданының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасы» әзірленіп, әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлар мен мерзімдер қойылып, жауапты орындаушылар белгіленді» деді Полымбет Хасанов.

Сонымен қатар, филиал төрағасы кеңестердің жұмысы – қоғамдық пікірді ескеріп, бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына мониторинг жасауды қамтамасыз ету, партияның сайлауалды бағдарламалары мен «Жол карталарын» іске асыруды қоғамдық-саяси бақылау екендігін атап өтті. «Nur Otan» партиясының Орталық аппараты өңірлерде құрылатын қоғамдық кеңестер бойынша талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша анықталған міндеттерді ескере отырып, аумақтық деңгейде 9 кеңес құру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ аудан әкімі елдегі эпидемиологиялық жағдайға орай іс-шараларды өткізу форматын жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісуді тапсырды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521