«Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалының XXXVII кезектен тыс конференциясы өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалының XXXVII кезектен тыс конференциясы өтті.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн форматта өткен конференция жұмысына партияның аудандық филиалы Саяси Кеңесі және Саяси Кеңесі Бюросының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері қатысты.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Полымбет Хасановтың төрағалығымен өткен конференция жұмысының күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының атынан Аққыстау ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат ұсыну және өзге де мәселелер қаралды.

Ағымдағы жылдың шілде айында өтетін Аққыстау ауылдық округі әкімінің сайлауына «Nur Otan» партиясы атынан үш кандидат конференция делегаттарының қарауына ұсынылды. Ұсынылған кандидаттар – Аққыстау бастауыш партия ұйымы Бюросының мүшесі, Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғаділ Боранбаев, Аққыстау бастауыш партия ұйымының төрағасы, Аққыстау ауылдық округі әкімінің орынбасары Ақжол Елеубайұлы, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Арманбек Махмудов.

Жиында сөз алған партия филиалының Саяси Кеңесінің мүшелері Жансих Маштахов пен Лиза Мутянова, Ғаділ Боранбаевтың кандидатурасын қолдайтындарын жеткізді.

i

img_6743

Дауысқа салу барысында да барлық делегаттар бірауыздан қолдау білдіріп, Аққыстау ауылдық округі әкімінің сайлауына «Nur Otan» партиясы атынан Ғаділ Боранбаев қатысатын болды.

Нұрболат НҰҒМАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521