«Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалының жаңа төрағасы тағайындалды

«Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалының кезектен тыс өткен XXXV конференциясында филиалдың жаңа төрағасы сайланды.

Делегаттар аудан әкімі Полымбет Хасановты тағайындау туралы ұсынысты бірауыздан қолдады.

img_5720-min

«Марат Мурзиев Бисенғалиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалының төрағасы қызметінен босатылып, аудан әкімі Полымбет Хасанов Максимұлы «Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалының төрағасы қызметіне тағайындалсын» делінген конференция қаулысында.

Сондай-ақ, жаңа әкім арнайы қаулымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесі құрамына қосылды. «Полымбет Максимұлының мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Түрлі лауазымдарда қызмет етті. Енді, міне, ауданымыздың әкімі болып тағайындалды. Бұл үлкен сенімді білдіреді. Өзімнің және әріптестерімнің атынан Полымбет Максимұлына Исатай аудандық филиалына төрағалыққа келуімен құттықтаймын» деді «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айбатыр Бекішұлы.

Аяпберген Салихов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз