Нұрберген бірінші, Айнұр екінші орынға ие болды

Атырау қаласында Мемлекеттік қызметшілер арасындағы байқаудың облыстық кезеңі өтті.

ainurlatin

Атырау облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен "Мемлекеттік тіл LATYN qarpimen" тақырыбындағы сайысқа барлығы 16 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Аудандық кезеңнен жолдама ұтқан біздің екі бірдей қызметкер де осы сынға қатысып, ауданның абыройын асырды.

oblis-latin

Байқау ережесіне сай тыңғылықты дайындықпен барған кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрберген Өтегенов I дәрежелі диплом мен 150 мың теңгеге ие болса, Исатай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет  көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Айнұр Ерғалиева II орынды еншілеп, 100 мың теңге қаржылай сыйлықты қанжығасына байлады.

Анаргүл Құсайынова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT