Нұрланды тұрғын үйлер аландатып тұр

ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақтөбеде болып, «Жаңақоныс-4» және «Батыс-2» проблемалық тұрғын үй алаптары бойынша ЖСДП рейдіне қатысты.


Ақтөбенің аталмыш аудандарының тұрғындары инфрақұрылым жоқтығы есебінен ұзақ уақыт бойы қиындықтарға тап болуда. Мәселен, қала шегінде орналасқан «Жаңақоныс-4» тұрғын үй алабының тұрғындары 2018 жылдан бастап газдың берілуін күтуде. Жергілікті билік қыркүйек айының соңына дейін газ тартуға уәде берген. Бүгінде, қазан айында, газ әлі де пайдалануға берілмеген. Одан бөлек, тұрғындар жолдың нашарлығына арыздануда.
«Аудан әкімдігі бізге жолдарды толтыру үшін қиыршық тас жүктелген 56 КАМАЗ бөлуге уәде берді. Олардың тек екеуі ғана келді», – дейді «Жаңақоныс-4» тұрғын үй алабындағы кездесуге қатысушылардың бірі.
Нұрлан Әуесбаев қала шегінде орналасқан «Батыс-2» шағын ауданында да жағдайдың мәз еместігіне көз жеткізді.
Жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында ЖСДП үміткері өз бағдарламасында қазақстандықтардың өмір сапасының Стандартын енгізуді көздейтінін атап өтті. Онда адамның дұрыс тамақтануы, киім, дәрі-дәрмек, коммуналдық қызметтер, ақпарат, демалысқа қатысты қажеттіліктер ескеріледі. Зерттеу барысында анықталған азаматтардың әрбір жеке тобы үшін негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша арнайы бағдарламалар әзірленетін болады.
Сондай-ақ Нұрлан Әуесбаев өзінің сайлауалды бағдарламасында түрлі деңгейдегі әлеуметтік қолдаудың желісін құруға ниетті екенін білдірді. Әлеуметтік саясат, үміткердің пікірінше, адамдардың табысын арттырып, дәулетті таптарға көтерілуіне көмектесіп, күтпеген жағдайлар туындаған кезде кедейлікке түсірмеумен айқындалады.
Нұрлан Әуесбаев тұрғын үй алаптарының тұрғындарын оған және оның әлеуметтік теңдік бағдарламасына дауыс беруге шақырды.

 

Aikyn.kz

Республика күні

25qazan-respublika

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика