Нұрлыбек Ожаев: «Исатай ауданы батырлардың ғана емес, өнердің де елі»

Ауданымызға ат басын бұрған халық қалаулысы Нұрлыбек Ожаевтың сапары аудандық жастар ресурстық орталығында қорытындыланды.

Онда ол ауданның белсенді жастарымен кездесіп, еркін форматта әңгіме өрбітті.

6e468535-37e7-40b1-b26c-3e1816f738fc

Халық қалаулысы әңгіменің әлқиссасын жыл басында орын алған қасіретті қаңтар оқиғасынан бастады. Ол ел ішінде қасіретті оқиғаға байланысты алып-қашпа әңгімелердің айтылып жүргенін тілге тиек етіп, жастарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, арандатушылықтарға ермеуге шақырды. Бұдан бөлек, Нұрлыбек Ожаев қазақ деген ұлттың өрендері ешкімнен кем емес екендігін, бәсекеге қабілетті екендігін атап өтіп, тарихтан да сыр шертті. Оның ішінде аудан тарихына тоқталып өтті.

Мұнан соң жастар ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдениет және білім саласына қатысты сауалдар жолдап, депутат тарапынан тиісті жауаптар берілді.

f

Жиын соңында, «Исатай ауданы батырлардың ғана емес, өнердің де елі», - деген халық қалаулысы болашақта аудан жастарының арасынан өңірімізден шыққан күй өнерінің дарабозы Айгүл Үлкенбаева, белгілі ақын Нұралы Әжіғалиев, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиев сынды ұлы тұлғалардың шығарына сенім білдірді. 

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521