Исатай ауданы әкімдігінің мәжiліс залында аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.
Онда ел Президентінің жаңа Жолдауынан туындайтын міндеттер, аудандағы кей мәселелер, оның ішінде елді мекендерді ауыз сумен қамту жайы талқыланды.
Жолдаудан туындайтын қоғамдық кеңес алдындағы міндеттер туралы аталған кеңес төрағасы Жансих Маштаховтың, «Аудан елді мекендерін ауыз сумен, жазғы су құбырымен, кәріз желілерімен және қатқыл табанды автожолдармен қамтамасыз етудің, күтіп ұстаудың жайы және де жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары мен жасақталып жатқан жобалар туралы» аудан әкімінің орынбасары Болатбек Сисатовтың баяндамалары тыңдалды.
Кеңес мүшелері Мұстажап Аяшев, Мұрат Бектенов, Құрманғали Наубетов, Ботакөз Құлғалиева және осы жолдардың авторы, сондай-ақ аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Аманжол Рахметов кейбір мәселелерге қозғау салды. Оған аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Бақытгүл Қартмағанбетова, «Қамысқала су арнасы» ЖШС өкілі Артур Қибашев, баяндамашылар Ж.Маштахов пен Б.Сисатов жауаптар қайырып, кейбір мәселелерде толыққанды түсініктер берді.
Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ербол Есмағила бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және көрсетілетін мемлекеттік қызметті жүзеге асыру шараларының орындалысы туралы хабарлама жасап, Қоғамдық кеңес мүшелері Индира Дүсіпқалиева мен Нұрым Мусиннің тарапынан қойылған сауалдарға жауап қайтарды.
Мәжілістен жазылған материалды «Нарын таңының» №40 санынан оқи аласыздар.
Жоламан ДӘУЛЕТИЯР