ӨМІР ЖОЛЫ - ӨНЕГЕ

Х.Ерғалиев ауылында  игілікті іс қолға алынып, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Х.Ерғалиев бөлімшесі және Қамысқала ауылдық мәдениет үйінің бірлесе ұйымдастыруымен шырайлы шара өтті.

Ол ауылдың өркендеуіне үлкен үлес қосқан, қажырлы еңбегімен еліне еленген аға буын өкілдерін еске алу, кейінгі буынға үлгі ету, еңбегін насихаттау мақсатындағы КСРО гидромет қызметінің үздігі Ғайнеден Жалекеевке арналған тағылымды кеш еді.

Аталған шараға, «әке көрген оқ жонар» дегендей, бүгінде әр салада еңбек ететін, алды зейнеткерлік демалыстағы Ғ.Жалекеевтің ұрпақтары қатысып, марқұмның еңбек, өмір жолдары алдымен бейнебаянда көрініс тапты. Ауыл өнерпаздары болса, өз өнерлерімен кеш мазмұнын арттыра түсті. Саналы ғұмырын ауа райын зерттеу ісіне арнаған, туғанына 92 жыл толып отырған әке, аталары еңбегін мақтан тұтатын ұрпақтары да естеліктерімен бөлісіп, толғанысты ойларын ортаға салды, шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Шара соңында оны ұйымдастырушылар ұрпақтарына амандық, отбасылық бақыт тілеп, естелік сыйлықтарын ұсынды.

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521