ӨНЕРІ ӨРІСТЕГЕН ТҰЩЫҚҰДЫҚТЫҚТАР

Ауданның 95 жылдығы және Аққыстау ауылдық округінің 50 жылдығына орай «Құт дарып, кие қонған-ақ Нарыным» атты мерекелік сазды бағдарлама тізгінін Тұщықұдық ауылы өнерпаздарының концерттік бағадарламасымен жалғасын тапты.

 Өнері өрістеген ауылдан небір өнерпаздар мен атағы алты Алашқа танылған таланттар дүниеге келген. Атап айтсақ, Нариман Үлкенбаев, Ғатау Рамазанов, Әзидолла Есқалиев, Шәмшиден Шәріпов, Айгүл Үлкенбаева сынды өнер иелері түлеп ұшқан құт мекеннің тұрғындары  да өнерден хабарсыз болуы мүмкін емес. Сондықтан да тұщықұдықтықтарды талантымен талайды тамсандырған өнерпаздар шоғыраланған ауыл деуге толық негіз бар. Мерекелік сазды бағдарламада да бір-бірінен өткен таланатты өнерпаздардың өнерін тамашалауға келген көрермендердің  аясы көп болды. «Қазақ деген аттан сүрінсе де, салттан сүрінбеген» халық десек, тұщықұдықтықтар да сол салттан жаңылмай, жиналған жұртшылыққа ән мен күйден шашу шашты.  Шара шымылдығын Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ербол Серікұлы ашып, құттықтау лебізін білдіре отырып, кештің жақсы өтуіне сенім білдірді.

Ауыл өнерпаздары жарасымды тілекті әрімен қарай сазды бағдарламамен жалғастырды. Өнерпаздар ұсынған әсем ән мен көзің жауын алған би де, күмбірлеген күй де сахнаның ажарын ашты. «Бермағанбетовтер»  отбасылық  ансамблінің әншісі Руслан Рамазанұлының орындауындағы «Тұщықұдық» әні нағыз ауылдың таныс-тіршілігінен хабар беріп, ауылды айшықтағандай сезім ұялатты. Одан бөлек, ауыл мақтанышы, ел мерейін асқақтатып жүрген «Қамажай» би тобының мың бұралған бишілері де халық қошаметіне бөленді. Сонымен қатар сахна төрінде Лариса Оралбекова «Анамның ақ жаулығы», Гүлзира Тұяққызы «Жасасын өмір», Рамазан Бермағамбетов пен Айкөркем Сүлейменова «Ауылға сағыныш», Дулат Сақтаев және Айтқабыл Латиф орындауындағы «Талас» күйі және бұдан өзге өнерпаздардың орындауындағы ән мен күй  халықты рухани сусындатып, ерекеше көңіл-күй сыйлады. Жиналған халық арасындағы ең жасы үлкен көрермен деп таныған қос бірдей ақ жаулықты әжелерді назардан тыс қалдырмай, естелік сый табыс етілді. Бұл да көрермендерге айрықша әсер етіп, әжелеріміз бір марқайып қалды.

Өткен аптада бастау алған аталмыш концертті көруге отбасымызбен келуге тырысып жүрміз. Бүгінгі Тұщықұдық ауылдық округінің сазды кешіне куә болдық. Осындай халықтың ілтипаты мен қошеметіне бөлендіретін концерттер өз жалғасын таба берсін. Өнерлері бір-бірінен озатын таланттардың өнерін тамашаладық. Бұндай концерттер адамды демалтып, ой бөліп, тамаша көңіл күй сыйлайды. Тұщықұдық ауылының өнерпаздарына алғысымыз шексіз,-дейді Аққыстау ауылдық округінің тұрғыны Махуза Бахитова.

Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары  Нұрғайша Халидоллақызы сазды бағдарламасын ұсынған  тұщықұдықтық өнерпаздарға және де  ауыл тұрғындарына  өз ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар  Айтқабыл Латиф, Дулат Сақтаев, Айкөркем Файзоллақызы сынды өнер иелеріне  алғыс хат пен гүл шоқтары тарту етілді. Күйі күмбірлеген, өлеңі өрістеп, әні әуелеген құтты мекен Тұщықұдық ауылының «Құт дарып, кие қонған-ақ Нарыным» атты концерттік бағдарламасы осылайша өз мәресіне жетті. Жиналған көпшілік те мерекелік көңіл-күймен, өнерпаздарға ризашылықпен тарқасты. Аталмыш кештің кезегін енді Жанбай, Исатай, Зинеден,Нарын, Аққыстау ауылдық округтері өнерпаздары одан әрі жалғамақ.

 

Жайна МӘЛІМҚОЖА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521