ӨРКЕНДЕ ЖАҢАДАН 60 ПӘТЕРЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

«AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау бекетінің бір топ мүшелері аудан орталығы Аққыстау ауылының Өркен елді мекенінде жаңадан салынып жатқан 60 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылыс алаңдарында болып, мониторингілік тексеру жүргізді.

Аталған  құрылысқа тапсырыс беруші Атырау облыстық құрылыс басқармасы, мердігерлік мекеме «КАЕС Строй КО» ЖШС. Құрылыс  NCOC  демеушілігі негізінде салынуда. Мониторингілік тексеру жүргізу  барысында  құрылыс жұмыстары биылғы жылдың ақпан айында басталып, қараша айында аяқталатыны белгілі болды. Мердігер учаске басшысының айтуынша,бүгіндері  60 пәтерлік  тұрғын үй құрылысының жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қаражат,  құрылыс материалдары, техникалары, жұмыс күштері жеткілікті. Құрылыс басында болғанда  филиалдың партиялық бақылау бекетінің мүшелері компания өкілдеріне жұмысты сапалы әрі дер кезінде тапсыруды ұсыныс етті. Және құрылыс жұмыстарының жүру барысы үнемі партия бекетінің басты назарында болатынын қаперге берді.                                                              

                                                                                                                           Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521