Оқушылар жүлдемен оралды

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында мәдени құндылықтарды өскелең ұрпақ санасында тереңірек насихаттауды ерекше атап көрсеткен-ді.

Осыған орай облыстық "Жас Ұлан" ББЖҰ ҚБ-нің ұйымдастыруымен "Асыл мұра" облыстық балалар этнофестивалі өткен болатын. Оған біздің мектебімізден де оқушылар қатысып, «Ұлттық салт-дәстүрлер шеруі» номинациясы бойынша 1 орынды иеленді. Атап айтар болсақ, Н.Әмидолла, А.Мусағалиева, Ж.Әнуарбекова, А.Кенжеғали, А.Жолдасқалиева, Д.Құзыреден, А.Болатқызы, А.Ғазизова, А.Бакарова, Ә.Тыныштыққызы сынды талапты да талантты оқушыларымыз актёрлық қабілеттерін таныта отырып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Болашағынан зор үміт күттірер оқушыларымыз "Қазақстан-Атырау" телеарнасының "Бізбен бірге" бағдарламасында тікелей эфирде болып, өз ойларын, алған әсерлерін жеткізді.

Айдана және Жұлдыз сынды оқушыларымыз рөлді шебер сомдағаны үшін үздік танылды. Сондай-ақ, үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілген облыстық "Транспарентті және есеп беретін мемлекет" атты бейнероликтер байқауы өткен болатын. Онда мектебіміздің 11-сынып оқушысы Сайполла Бектастың шығармашылығы озық шығып, жүлделі 1 орынды иеленді. Қос жүлдені қанжығаға байлаған оқушыларымызға алар асуларың, бағындырар белестерің, шығар шыңдарың көп болсын дейміз.

Саягүл АЙТЖАНОВА,

Х.Нәубетов атындағы орта мектептің тәлімгері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Жанбай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521