Ертең Атырау қаласында облыс әкімі М.Досмұхамбетовтің есептік жиыны өтеді.
Облыс әкімінің есебін исатайлықтар аудандық «Жалын» мәдениет үйінен бейнебайланыс түрінде көре алады. Бұл туралы Исатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі әкімдіктің ресми парақшасында хабарлайды. «Аудан әкімінің аппараты, ағымдағы жылдың 19 ақпаны күні сағат 9:30-да аудандық "Жалын" мәдениет үйінде бейнебайланыс режимінде өткізілетін облыс әкімі М.Досмұхамбетовтің "2019 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттер туралы" есеп беру жиыны болатынын хабарлайды» делінген парақшада.
Ендеше аймақ басшысының есебін жіберіп алмаңыздар.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ
Сурет: ашық дереккөзден