Облыс әкімі Серік Шапкенов Исатай ауданына арнайы іс сапармен келді

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 16 қазан күні іс сапармен аудан орталығында болды. Алдымен облыс басшысы Аққыстау ауылындағы Өркен елді мекеніндегі 60 пәтерлік тұрғын үй мен фельдшерлік дәрігерлік медпункт және өнер мектебінің құрылыс нысандарын аралап, көрді. Мердігер мекемелердің басшыларымен кездесіп, күні бүгіндері атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Бұдан кейін облыс әкімі Серік Жамбылұлы сағат 11.00-де "Жалын" мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Өңір басшысы ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды айтты.Кездесуде тұрғындар тарапынан ауылдағы өзекті мәселелер көтеріліп, көптеген сұрақтар қойылды. Оның ішінде ауылдарға денешынықтыру кешенін, ауылішілік және жаяу жүргінші жолдарын, мәдениет үйін салу, баспанамен қамтамасыз ету, өндіріске жергілікті кадрларды тарту, ауылшаруашылығын дамыту, теміржол қауіпсіздігін сақтау, таксистердің жауапкершілігін арттыру, жастар тәрбиесі, экология және тағы басқа тұрғындарды толғандырған мәселелер бар.
Аймақ басшысы Аққыстау ауылының тұрғындарының әлеуметтік өзекті мәселелеріне де қанықты. Ұсыныстарды тыңдап, жергілікті халықтың сұрақтарына жауап берді. Кездесуден соң аймақ басшысы айтылған мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма беріп, ауыл тұрғындарын жеке қабылдады.

Аяпберген Салихов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521