«Облыста ІІ орындамыз» Исатай ауданының әкімі есеп берді

Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев аудандық мәслихат депутаттары алдында есеп берді.

acimesepp3

Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев, аудан әкімінің орынбасарлары Нұрғайша Абежан, Еркебұлан Әбілқасымов, Болатбек Сисатов және дербес бөлім басшылары мен ауылдық округтер әкімдері, сондай-ақ сала басшылары қатысты. Фракция депутаттары алдында жасаған баяндамасында өңір басшысы өткен жылдардағы аудан экономикасына жан-жақты талдау жасап, ауданның 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасын іске асыруға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері облыстық әкімдікпен бекітілген нысаналы индикаторлардың орындалуымен айқындалатынын жеткізді.

acimesep23

«Егер өткен үш жылғы көрсеткішrе тоқталар болсақ, 2016 жылы 56 көрсеткіш көзделіп, оның 36-на қол жеткізілсе, 2017 жылғы 55 көрсеткіштің 47-сі орындалған, өткен жылы 43 көрсеткіштің 41-і орындалды. Нәтижесінде Атырау қаласы мен аудандар арасында 2 орынға ие болдық. Өткен жылдар бедерінде орындалған жұмыстарды салыстырар болсақ, жыл сайын нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша оң динамиканы көруге болады. Бұл нәтиже атқарылған жұмыстар мен алынған шаралардың қорытындысымен қол жеткізілді деп есептеймін» деді аудан әкімі өз баяндамасында.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521